RU

Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 858-ге жетті

Ресми дереккөздер елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 26 адам емделіп шыққанын хабарлады. COVID-19 вирусын Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындары еңсерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Соңғы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 8 адам, Алматы қаласында - 10 адам, Ақмола облысында - 3 адам, Қарағанды облысында - 4, Түркістан облысында - 1 адам коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шықты", - делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде қауіпті індетті жеңген науқастардың саны 858-ге жеткен.

Нұр-Сұлтан қаласы – 237

Алматы қаласы – 115

Шымкент қаласы – 33

Ақмола облысы – 67

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 14

Атырау облысы – 64

Шығыс Қазақстан облысы – 7

Жамбыл облысы – 43

Батыс Қазақстан облысы – 9

Қарағанды облысы – 61

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 118

Маңғыстау облысы – 8

Павлодар облысы – 5

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 39

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853883-kazakstanda-koronavirustan-zazylyp-sykkandar-sany-858-ge-zetti/