RU

Ресей премьер-министрінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол мемлекет басшысына хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырған болып шықты
Михаил Мишустин. Фото: kremlin.ru: UGC

Life Shot telegram-арнасының хабарлауынша, ресейлік министрлер кабинетінің басшысы тапсырған анализдер оның ағзасында COVID-19 инфециясы бар екенін растады.

Мишустин өзінің вирус жұқтырғанын Ресей президентіне телефон арқылы мәлімдеген.

Владимир Путин өз кезегінде премьер-министрге тезірек сауығып кетуін тілеп, жұмысына алғыс білдірді.

"Ауруханада болғанда маған міндетті түрде хабар беріңіз. Сіздің қоңырауыңызды күтемін", - деп келтірді telegram-арна президент сөзін.

Үкімет басшысының уақытша жұмыста болмауына байланысты, оның орынбасары Андрей Белоусов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып қызмет етеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853914-resej-premer-ministri-koronavirus-zktyrgan-bolyp-sykty/