Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты
Опубликовано:
Ресми дереккөздер елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 13 адам емделіп шыққанын хабарлады. COVID-19 вирусын Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындары еңсерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Шымкент қаласы – 2, Ақмола облысы – 5, Ақтөбе облысы – 3, Қарағанды облысы – 2.", – делінген ресми хабарламада.
Осылайша, елімізде қауіпті індетті жеңген науқастардың саны 879-ға жеткен:
Нұр-Сұлтан қаласы – 239
Алматы қаласы – 117
Шымкент қаласы – 36
Ақмола облысы – 72
Ақтөбе облысы – 13
Алматы облысы – 14
Атырау облысы – 64
Шығыс Қазақстан облысы – 7
Жамбыл облысы – 46
Батыс Қазақстан облысы – 9
Қарағанды облысы – 63
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 118
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 5
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 39
Бұған дейін, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 3551-ге жеткендігі туралы жазған едік.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853953-kazakstanda-tagy-13-adam-koronavirustan-zazylyp-sykty/