Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды

Опубликовано:

Қазақстанның екі азаматы таиландтыққа күш көрсетіп, тонап кетті деген айыппен сотталғаны туралы жаңалық оңтүстік кореялық арналардың бірінде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ: Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Daejeon MBC News телеарнасының деректеріне сәйкес, сотталған отандастарымыз республика аумағында заңсыз жүргені белгілі болған. Сот оларды Таиланд азаматына шабуыл жасап, тонап кеткені үшін кінәлі деп таныды.

Қос қазақстандықтың бірін 4, екіншісін 4,5 жылға бас бостандығынан айырған. Жәбірленуші жезөкшелікпен айналысқан көрінеді.

Сотталған қазақстандықтардың бірі 19 жаста. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен желтоқсанда олар трансгендерге шабуыл жасап, одан миллион вонды (шамамен 350 мың теңге) ұрлап алған екен. Сонымен қатар, олар полиция құрықтаған кезде қарсылық танытқан.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өрт салдарынан екі қазақстандықтың қайтыс болғаны жайлы жазған болатынбыз.

Ақпаратты еліміздің сыртқы істер ведомствосы растады. Өрт салдарынан барлығы 38 адам қайтыс болып, тағы 10 адам түрлі жарақаттар алған.

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, қайтыс болғандардың тек 29-ының аты-жөні анықталды. Олардың арасында Қазақстанның екі азаматының бары белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853956-bak-otstik-koreada-eki-kazakstandyk-sottaldy/

pixel