Депутат Қырғызстанды Қазақстанның құжатын көшірді деп айыптады
Опубликовано:
Қырғыз елінің халық қалаулысы үкіметтегілерді Қазақстанда қабылданған қаулыны көшіріп алған деп айыптады. Бұл құжатта COVID-19 вирусының таралуына байланысты ТЖ режимін енгізу туралы жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Каныбек Иманалиев қырғыз үкіметіне көрші елдің құжатын көшірді деп айып тақты. Ол құжатта елде машина жасау мен құрал жасау саласын өз жұмысын бастайтыны жайлы жазылған жолдарды мысалға алды. Қырғыз елінің депутаты республикада мұндай өнеркәсіп саласы жоқ екенін еске салды деп жазады 24.kg.
Абай Шерик есімді Twitter қолданушысы да әлеуметтік желіде қатесі бар фото жарилаған. Қолданушы шенеуніктер тек көшіріп жазғаны үшін ғана жалақы алып отырғанын айтып, шағымданды.

Осы арада, Қырғыз билігі Қазақстанның құжатын көшіріп алғаны жайлы ақпараттың жалған екенін алға тартқан. Қате кетуінің себебін Google translate мәтін аудармасынан көрді, үкіметтегілердің айтуынша, сервис кейде "Кыргыз Республикасы" дегенді "Республика Казахстан" деп аударады екен.
Еске сала кетсек, Тәжікстан билігі полиция туралы сериалға байланысты Қазақстанға нота жіберген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853986-deputat-kyrgyzstandy-kazakstanny-kzatyn-ksirdi-dep-ajyptady/