Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы бір тәулік ішінде ауру жұқтыру саны бойынша антирекорд орнатты

Опубликовано:

Ресми деректерге сәйкес, оңтүстік астананың аумағында коронавирус жұқтырудың жалпы алғанда 1143 фактісі анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы бір тәулік ішінде ауру жұқтыру саны бойынша антирекорд орнатты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бүгіннің өзінде Алматыда 92 жаңа науқас белгілі болды. Кеше – 114. Жаңа науқастардың ішіндегі 16-сы байланыста болғандар, ал 4 адам Ресей астанасынан ұшып келген. Олар стационарда карантинде жатқан.

39 бала Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлер екі науқастың халін өте ауыр деп бағалап отыр.

Тағы 27 науқастың жағдайы ауыр. 208 адамның жағдайы күрделілігі бойынша орташа қалыпта жалғасып жатыр.

Соңғы 24 сағат ішінде Алматы қаласында 15 адам жазылған. Оның 14-і – ақ халаттылар.

Тағы бір науқас 2 сәуірден бастап, бір айға жуық уақыт бойы емделіп жатыр.

Еске сала кетсек, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны жалпы алғанда 3574-ке жетті.

Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы орталық ауруханасының ақ халаттыларымен онлайн режимде кездесіп, медицина қызметкерлерінде туындаған сұрақтардың барлығын тыңдап, жауап бергені жайлы айтты.

Естеріңізге сала кетсек, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 наурызда жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853991-almaty-bir-tulik-isinde-auru-zktyru-sany-bojynsa-antirekord-ornatty/

pixel