RU

"Соғыс жайлы сөйлескенді ұнатпайтын": Тоқаев майдангер әкесі туралы айтып берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мир телеарнасына берген сұқбатында майдангер әкесі жайлы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter
"Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды. Ерте жетім қалды. Балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Көп уақыт өтпей соғыс басталды. Соғыс ол үшін тағы да батылдық пен төзімділіктің сынағы болды. Ол соғыста көп қиындықты басынан өткерді, оның үрейлі сынағынан өтті. Қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе білді", - деді ел президенті.

Мемлекет басшысының сөзінше, оның әкесі соғыс туралы, ерліктер мен марапаттар жайлы сөйлескенді ұнатпаған.

"Жақында ол 1945 жылдың ақпан-маусым айларында ауыр жарақаттан кейін емделген Омбыда соғыс ардагерлері госпиталінде әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылғанын естідім. Омбы облысы мен қала басшылығына әкемді есте қалдырғаны үшін алғыс білдіремін", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаев 1923 жылы өмірге келіп, 1986 жылы дүниеден өткен. Ол Ұлы Отан соғысының қатысушысы, белгілі жазушы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854004-sogys-zajly-sjleskendi-natpajtyn-tokaev-majdanger-kesi-turaly-ajtyp-berdi/