RU

Қазақстанда тағы 114 адамнан COVID-19 анықталды

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 114 адам тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3785-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 2 мамыр 13:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 инфекциясын жұқтырған 114 адамның 64-і Алматы қаласынан, 25-і Ақтөбе облысынан, 10-ы Нұр-Сұлтан қаласынан, бесеуі Маңғыстау облысынан, үшеуі Жамбыл, екеуі Алматы облысынан, біреуі Түркістан, біреуі Қызылорда, біреуі Қарағанды облыстарынан және екі адам Шымкент қаласынан.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 679

Алматы қаласы – 1240

Шымкент қаласы – 206

Ақмола облысы – 100

Ақтөбе облысы – 147

Алматы облысы – 144

Атырау облысы – 161

Шығыс Қазақстан облысы – 23

Жамбыл облысы – 143

Батыс Қазақстан облысы – 163

Қарағанды облысы – 153

Қостанай облысы – 50

Қызылорда облысы – 209

Маңғыстау облысы – 62

Павлодар облысы – 146

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Түркістан облысы – 129.

Қазақстан бойынша барлығы - 3785 адам.

Олардың 940-ы ауруынан айықса, 25 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, бүгін таңда коронавирус жұқтырған 74 адам тіркелеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854040-kazakstanda-tagy-114-adamnan-covid-19-anyktaldy/