Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Үкібай "Елбасының мәлімдемесі" деп тараған видеоның жалған екенін айтты

Опубликовано:

Еліміздің тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Елбасының мәлімдемесі" деп тараған видеоның жалған екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: Depositphotos
"Елбасының мәлімдемесі" деп тарап жатқан видеоның жалған екенін айтқым келеді. Қаскүнемдер жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай тәріздес хабарламалардан сақтанып, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріп алуды сұраймын", - деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айдос Үкібай Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ел саясатына араласа ма деген сауалға жауап берген еді.

Оның сөзінше, Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар "Nur Otan" партиясы мен Қазақстан халқы ассамблеясына жетекшілік етіп отыр. Әлбетте осыған байланысты Елбасы елдің саяси өміріне белсенді түрде атсалысып, мемлекет басшысымен бірге елді стратегиялық тұрғыда дамыту жұмыстарымен айналысады. Алайда түпкілікті шешімді ел президенті қабылдайды.

Сонымен қатар Айдос Үкібай Елбасы басқаратын Қауіпсіздік Кеңесі Төтенше жағдай кезінде немен айналысып жатқанына да тоқталған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854045-ajdos-kibaj-elbasyny-mlimdemesi-dep-taragan-videony-zalgan-ekenin-ajtty/

pixel