RU

Ғалымдар: Коронавирус пандемиясы 2 жылға созылуы мүмкін

АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары коронавирус пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін екенін болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото:pixabay.com
Көрнекі фото:pixabay.com: Depositphotos

Мамандардың айтуынша, жер бетіндегі халықтың үштен екісі осы вирусты жұқтырып, одан айығып кетпегенше, індетті бақылауға алу мүмкін емес.

Ал ауру белгісі байқалмайтын адамдардың кесірінен COVID-19 тізгінде ұстау одан сайын қиындай түспек.

Жалпы, ғалымдардың сөзінше, коронавирустың таралуы әлі де қайталануы ықтимал.

Сондықтан мұндай жағдайға тыңғылықты дайын болу керек дейді олар.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай, бүгінде әлемде 3 миллионнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі АҚШ, Испания және Италия елдерінде анықталған.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, соңғы мәліметтер бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны қазіргі уақытта 3785-ке жетіп отыр. Олардың 965-ы вирусты жеңсе, 25-ы қайтыс болды.

Елде инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік астанада COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1000-нан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854052-galymdar-koronavirus-pandemiasy-2-zylga-sozyluy-mmkin/