RU

Түркістан облысында қырыққабатын сата алмаған фермерлердің мәселесі қалай шешілді

Сәуір айының басында Түркістан облысының фермерлері шекара жабық болғандықтан, қырыққабат өнімін сата алмай отырғанын айтып дабыл қаққан болатын. Бүгінде үкіметтің бұл мәселені қалай шешкені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Өткен айдың басында еліміздің өңтүстік өңіріндегі фермерлер видео арқылы өз жанайқайын жеткізген болатын. Олар шекаралардың жабылуы салдарынан қырыққабат өнімін экспорттай алмай отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, облыс диқандары бұл жағдай өнімге ғана емес, өңір тұрғындарына да кері әсерін тигізіп жатқанын алға тартты. Олар фермаларда жұмыс істейтін адамдарға төлейтін ақша жоқ екенін ашып айтты.

Кейіннен фермерлер зая кетіп жатқан қырыққабат өнімін тегін таратуға дайын екенін хабарлаған болатын.

Сол кезде өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев үкіметтен көмек сұрап жүгінді. Ол бұл жағдайдан шығу жалын табуға көмектесуді сұрады. Облыс басшысы диқандар өз өнімін бұрынғыдай ресейлік нарықта сата алмағандықтан үлкен шығынға ұшырап жатқандығын жеткізді.

Кеше вице-премьер Роман Скляр Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өткізгені белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрдің сайтында жарияланды.

Отырыс қорытындысы бойынша үкімет резервінен зардап шеккен фермерлерге екінші көктемгі егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге несие бөлу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен қаражатты Түркістан облысының фермерлерінен ерте пісетін қырыққабатты сатып алуға жұмсау туралы тапсырма берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854082-trkistan-oblysynda-kyrykkabatyn-sata-almagan-fermerlerdi-mselesi-kalaj-sesildi/