RU

Оңтүстік Корея мен КХДР шекарасында атыс орын алды

Бүгін таңертен КХДР мен Оңтүстік Корея шекарасында атыс орын алды. Атқыштар бақылау бекетіне оқ жаудырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Jean Chung/Bloomberg via Getty Images
Фото: Jean Chung/Bloomberg via Getty Images: Facebook

Бұл оқиға жөнінде Ренхап агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости хабарлады. Аталмыш агенттік атыс болғаны жайлы ақпаратты Оңтүстік Корея штаб басшыларының біріккен комитетінен алған.

Ведомствоның мәлімдеуінше, атқыштар бақылау бекетінің бағытын нысанаға алған. Анықталғандай, оқиға барысында бірнеше мәрте оқ атылды. Бақылау бекеті Оңтүстік Кореяға тиесілі болып шықты.

Сонымен қатар, Корея республикасының әскерилерінде мұндай жағдайларға қатысты арнайы нұсқаулық бар. Соған сәйкес, олар Солтүстік Корея бағытына екі рет оқ атып жауап берді.

Ведомствоның хабарламасында орын алған оқиға екі тарапқа да материалдық шығын келтірмегені жазылды. Атыс кезінде ешкім зардап шекпеген.

Комитеттің хабарлауынша, Оңтүстік Корея әскерилері кез келген жағдайға дайын екенін айтты. Қазіргі таңда, екі ел өкілдері де оқиғаның анық-қанығын анықтап, оның болашақта қайталанбауы үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы бітімге қол қойылған соң аяқталған болатын. Демек, Корей жартылай аралы формалды түрде әлі де соғыс жағдайында тұр.

Соғыстың түбегейлі аяқталуы үшін екі тарап та бейбіт келісімге қол қою керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854101-otstik-korea-men-khdr-sekarasynda-atys-oryn-aldy/