RU

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды. Қауіпті індет салдарынан орын алған өлім оқиғасы Қарағанды облысында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған науқас көз жұмды
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған науқас көз жұмды: UGC

Қарағанды облысында COVID-19 инфекциясынан бір науқас көз жұмды. Белгілі болғандай, марқұм 1958 жылы дүниеге келген. Республика аумағы бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 26 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3

Алматы қаласы – 8

Шымкент қаласы – 4

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1.

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 3877 адамға жетті. Бүгін республика аумағында коронавирустың тағы 20 оқиғасы тіркелген болатын. Жаңа деректер еліміздің бес өңірінде және елордадан анықталған.

Сондай-ақ, мемлекетте коронавирусты жеңіп шыққан азаматтар да күн санап көбеюде. Бүгінде еліміздің 995 азаматы індетті еңсеріп, үйлеріне оралды.

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары бойынша АҚШ көш бастап тұр. Бұл елде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 1,16 млн адамнан асып кетті. Дүниежүзі бойынша инфекция жұқтырған әрбір үшінші науқас Америка азаматы болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854106-karagandy-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-naukas-kz-zmdy/