RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 1000-ға жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылған адамдардың саны мыңға жетті. Бүгін республика аумағында COVID-19 індетін жұқтырған бес науқастың емделіп, ауруханадан шыққаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Қауіпті инфекциядан айығып шыққан бес адамның үшеуі - Алматы қаласынан болса, екеуі - Қызылорда облысының тұрғыны екені анықталды. Коронавирус диагнозы қойылған азаматтар бүгін ауруханадан шығып үйлеріне оралған.

Нәтижесінде, елімізде қауіпті вирусты жеңген 1000 адам тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы – 268

Алматы қаласы – 162

Шымкент қаласы – 38

Ақмола облысы – 75

Ақтөбе облысы – 16

Алматы облысы – 14

Атырау облысы – 71

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Жамбыл облысы – 48

Батыс Қазақстан облысы – 14

Қарағанды облысы – 68

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 129

Маңғыстау облысы – 9

Павлодар облысы – 5

Солтүстік Қазақстан облысы – 27

Түркістан облысы – 45.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 3877 оқиғасы тіркелді.

Оған қоса, бүгін Қарағанды облысында COVID-19 вирусынан ер адам көз жұмды. Белгілі болғандай, ол қауіпті инфекцияны немересімен бірге жұқтырған. Алайда, балақай жазылып шыққанымен, азамат қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854125-kazakstanda-koronavirustan-zazylgandardy-sany-1000-ga-zetti/