Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза: Ұйықтап қалып, сәресі ішетін уақытты өткізіп алған адам не істеу керек

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі "ораза кезінде ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған адам не істейді" деген сауалға жауап қайырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Алайда, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн", - деді дін қызметкерлері.

Хадисте: "Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді", - делінген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі сәресі мезгілі дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт екенін жеткізді.

"Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – пайғамбарымыздың сүннеті.

Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып "Тәһәжжуд" намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр", - деді олар.

Еске сала кетсек, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.

Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854173-oraza-jyktap-kalyp-sresini-tkizip-algan-adam-ne-isteu-kerek/

pixel