Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облыстық ПД басшысының орынбасарынан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Атырау облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелдіден коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы жергілікті басылымға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Ақ Жайық газетінің мәліметінше, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары демалыс күндері "Теңіс" кенішінен келген.

Атырау қаласына келгеннен кейін Берік Амангелді мен оның көлік жүргізушісі коронавирус инфекциясына анализ тапсырыпты. Соның нәтижесінде оның қауіпті індетті жұқтырып алғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, өткен аптада қолға түскен адаммен байланыста болған үш полиция қызметкерінен де коронавирус анықталған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны төрт мың адамға жуықтады.

Ал қазіргі уақытта әлем бойынша 3,5 миллионнан астам адамнан коронавирус инфекциясына табылды.

Сәйкес деректерді қауіпті дертті бақылап отырған Джонс Хопкинс университеті ұсынған.

Америка Құрама Штаттары инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлі де көш бастап тұр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 1,156 миллионнан астам америкалық қатерлі дертке шалдыққан. Екінші орында – Испания, мұнда вирус жұқтырғандар саны бірнеше есе төмен (217,5 мыңға жуық).

Көршілес Ресей мемлекеті 7-орында (135 мыңға жуық). Алғашқы ондықты Иран түйіндейді, мұндағы науқастар саны 97,5 мыңға жуықтаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854180-atyrau-oblystyk-pd-bassysyny-orynbasarynan-koronavirus-anyktaldy/

pixel