RU

"Рәмізге деген құрмет": Мақтааралда туды судан алып шыққан полицейге жұрт риза болды

Мақтаарал ауданында суға ағып бара жатқан еліміздің туын алып шыққан полиция қызметкерінің әрекетіне жұрт риза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл сәттің видеосы Түркістан облыстық полиция департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Ведомство мәліметінше, оқиға аумағын толықтай су басқан Фердоуси ауылында болған.

Кадрдан Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіровтің судан көк туды алып шыққанын байқау қиын емес.

Аталған көріністі жергілікті тұрғынның бірі ұялы телефонына түсіріп, таратып жіберген.

Полицияның әрекеті желіде үлкен талқыға түсті. Оқырмандар тәртіп сақшысына үлкен алғыстарын білдіріп, оны батырға теңеді.

"Жарайсың", "Рәмізге деген құрмет", "Батыр екенсің", "Тамаша", "Керемет", "Халықтың қамын ойлап жүрген, полиция қызметкеріне алғысымды білдіремін", "Патриоттық сезім осыдан басталады", "Үлгі тұтарлыс іс", - деді олар.

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854191-rmizge-degen-krmet-maktaaralda-tudy-sudan-alyp-sykkan-policejge-zrt-riza-boldy/