Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда аяусыз өлтірілген ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті ұсталды

Опубликовано:

Көкшетауда тұрғындардың үрейін ұшырған адам өлтіру қылмысының беті ашылды. Ақмола облысының полициясы күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көкшетауда ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті ұсталды
Марқұм ерлі-зайыпты / Отбасы мұрағаты / Олар тұрған үй / Фото: Сауле Кусаинова: UGC

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың 30 сәуірі күні зорлықпен өлтіру белгілері бар 1937 жылы туған ер адам мен 1943 жылы туған әйел адамның денесі табылған.

Аса ауыр қылмысты ашуға Көкшетау полиция басқармасы мен аймақтағы полиция департаменті аппаратының барлық қызметкерлері жұмылдырылған. Тәжірибелі қызметкерлердің жедел-тергеу тобын Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин басқарды.

Жедел-іздестіру шараларының және полиция қызметкерлерінің қажырлы жұмыстарының нәтижесінде 3 мамыр күні күдікті Көкшетауда ұсталған.

Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, 29 сәуірге қараған түні Щучинск қаласының 24 жастағы тұрғыны Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кірген. Алайда пәтер иелері оқиға орнында күдіктінің үстінен түскен.

Қарақшылықтың ізін жасыру үшін ол ерлі-зайыптыларды өлтіріп, жеке мүліктерді де алып кеткен. Тұтқындау кезінде күдіктіден заттай айғақтар табылып, тәркіленген.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталмыш фактіге қатысты ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жарияланбады.

Сондай-ақ, күдіктінің қылмыс болған жерге жақын маңда тұратындығы белгілі болды. Қазір оның қылмыс жасарда жалғыз немесе сыбайластарымен бірге болғандығы анықталуда.

Еске сала кетсек, Көкшетауда 10 баласы бар егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854258-kksetauda-aausyz-ltirilgen-erli-zajyptylardy-limine-kdikti-staldy/

pixel