RU

Маңғыстау облысында нәресте өлі күйінде табылды

3 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Атамекен округінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Куәгерлер сағат 18:30-да жантүршігерлік жағдай туралы полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жеткен.

Облыстық полиция департаментінің ақпарынша, қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері безбүйрек ананы іздестіруде. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Орын алған факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың басында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Атыраудағы жылу құбырының маңына жаңа туған нәрестесін тастап кеткен 21 жастағы қызды анықтап, қолға түсірген болатын.

Оны ұстауға бейнебақылау камераларының көмегі тиген. Тергеушілер анықтағандай, күдікті жүктілігін ешкімге білдірмеу үшін Оралдан Атырауға келген.

Сонымен қатар Қарағандыда қоқыс контейнерінен шамамен бір айлық сәбидің табылғанын хабарлаған едік.

Абырой болғанда нәресте аман болып шықты. Оны қаладағы Октябрь ауданының тұрғындары көп қабатты үйдің қасында орналасқан қоқыс контейнерінен тауып алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854373-magystau-oblysynda-nreste-li-kjinde-tabyldy/