Қазақстандықтардың 80 пайызына Д дәрумені жетіспейді
Опубликовано:
"Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің маркетинг және инновациялар жөнінде директоры Алексей Балась қыс мезгілінде Қазақстан тұрғындарының 80%-ына жуығы Д дәрумені жетіспеушілігінен зардап шегетінін айтады. Ал адам ағзасына бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ауруы асқынып кетуі ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Соңғы жылдары қазақстандықтарда Д дәруменінің жетіспеушілігі көбейіп барады. Д дәруменінің иммунитетті нығайтудағы рөлі зор. Адам ағзасына бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ауру асқынып кетуі мүмкін", - дейді Алексей Балась.
Оның айтуынша, қыс мезгілінде Д дәрумені жетіспеушілігінен көбінесе ересектер зардап шегеді.
"Балалар Д дәруменінің профилактикалық дозасын алады. Ал ересектер ол туралы ұмытып кетеді, сол себепті қыс мезгілінде білініп қалады.
Д дәрумені аз-көптігін анықтайтын тест қазіргі кезде кең қолданыста. Аталған тестті әр адам дәрігер нұсқауымен де, өз қалауымен де тапсыруына болады", - дейді Алексей Балась.
Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар кей елдерде коронавирустан өлім-жітім көбеюіне ағзадағы D дәруменінің жетіспеушілігі себеп екенін айтқан еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854455-kazakstandyktardy-80-pajyzyna-d-drumeni-zetispejdi/