jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    ТЖ мен карантин аяқталған соң Қазақстанда жаппай қымбатшылық күтілуде

    : Depositphotos

    Экономист Олжас Төлеуовтің ойынша, Қазақстандағы төтенше жағдай режимі мен карантин аяқталған соң, тауарлар мен қызметтердің бағасы шарықтайтын көрінеді. Бағаның өсуі қарқынды құнсыздануға тікелей байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ТЖ мен карантин аяқталған соң Қазақстанда не қымбаттауы мүмкін
    Фото: NUR.KZ: Original

    Маманның болжамы Tengenomika telegram-арнасында жарияланды.

    Төлеуовтің ойынша, өткен айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 6,8%-ды құрады, ал наурызда 6,4% болған. Бұл 2018 жылдың қаңтарынан бастап соңғы екі жылдағы жоғары көрсеткіш болды.

    Сондай-ақ, сарапшы бұл көрсеткіштерді Ұлттық банк пен үкімет болжамына сәйкес келеді деп санайды. Дәл осындай болжамдарды бұдан бұрын Халықаралық валюта қоры мен AERC жариялаған болатын.

    Төлеуов инфляцияның негізгі қозғаушы күші ретінде тамақтың, сусындардың және темекінің қымбаттауын атады. Өткен айда азық-түлік инфляциясының деңгейі 10,4%-ды құрады, бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Азық-түлік инфляциясының мұндай деңгейі инфляция өсуінің соңғы циклынан бері болмаған.

    ТЖ мен карантин аяқталған соң Қазақстанда не қымбаттауы мүмкін
    Ақпараттық кесте. Tengenomika telegram арнасы.: UGC

    Азық-түлік тауарларының қымбаттауының негізгі себептері ретінде Төлеуов келесі факторларды деп атады:

    - төтенше жағдай режимінің енгізілуі аясында азық-түлікке сұраныстың импульсивті өсуі

    - тұрғындар мен бизнестің инфляциялық күтулерінің артуы

    - теңгенің құнсыздануы салдарынан елде өндірілетін азық-түлік бағасының өсуі

    - әлемдегі азық-түлік инфляциясының кейбір үдеуі

    Сонымен қатар ол соңғы айда ет, жарма, жеміс-жидек, май және темекінің бағасы ең қымбаттап кеткенін атап өтті. Бұл өнімдердің әрқайсысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12-20 пайызға қымбаттады.

    Төлеуовтің айтуынша, жалпы инфляцияның жалпы өсімін азық-түлік тауарларынан басқа қызметтердің бағасы көтерілмегені ұстап тұрды.

    Өткен айда азық-түлікке жатпайтын инфляция тіпті 0,1%-ға төмендеді, бұл ретте қызметтерге және тарифтерге кіретін қызмет инфляциясы өзгеріссіз қалды. Алайда, сарапшы бұл нақты енгізілген төтенше жағдай мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтерді ұстап тұру жөніндегі мемлекеттік шараларға байланысты екенін айтады.

    Мысалы сәуір айында бензин бағасы қысқа қарағанда арзандады, ал киім-кешек пен құрал-жабдықтардың бағасы бұрынғы деңгейде қалғанын айтты сарапшы.

    Қорытындылай келе, маман болжамына сәйкес, биыл жылдық инфляция деңгейі 8%-дан сәл көтеріледі.

    Еске сала кетсек, Қазақстанда 4 мамырдан жұмыс істей бастаған шаштараз қызметінің бағасы қымбаттап кеткені туралы жазған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    ТЖ мен карантин аяқталған соң Қазақстанда жаппай қымбатшылық күтілуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.