Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Қазақстан су тасқынына байланысты Өзбекстанға нота жолдамайды

Опубликовано:

Қазақстан Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты Өзбекстанға дипломатиялық нота жібермейді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.КZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

ррррр
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі: UGC

Бұған дейін Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов отандық телеарнаға берген сұхбатында Өзбекстаннан Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы туралы толық ақпаратты талап ететін ресми хат дайындалып жатқанын айтқан болатын.

Сыртқы саяси ведомствоның өкілі Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы және Түркістан облысындағы он елді мекенді су басу жағдайы Қазақстан үкіметінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

"2 мамырда Қазақстан президенті Өзбекстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті, тараптар қалыптасқан жағдайды талқылап, екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмыс атқаруы туралы келісімге келді.
Су тасқыны салдарын бірлесе жою бойынша үкіметтер мен шекаралас аймақтардың басшылары тығыз ынтымақтастық орнатқанын ескерсек, өзбек тарапына нота жіберуге қажеттілік жоқ", - деді Смадияров.

Еске сала кетсек, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854520-sim-kazakstan-su-taskynyna-bajlanysty-zbekstanga-nota-zoldamajdy/

pixel