RU

Тоқаев: Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысы өңірдегі бірде-бір тұрғын назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/TokayevKZ/Су басқан елді мекендер. Видеодан алынған кадрлар: Facebook/Сакен Қалқаманов: UGC

Қазақстан президенті өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазба жариялады.

"Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауылдарды су басты.

Кейіннен Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Айта кетерлігі, еліміздің сыртқы істер министрлігі орын алған апатқа байланысты Өзбекстанға наразылық нотасы жолданбайтынын хабарлады. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854530-tokaev-trkistan-oblysyny-birde-bir-trgyny-nazardan-tys-kalmajdy/