RU

Ақтауда СOVID-19 жұқтырған екі айлық сәбидің егізінен вирус табылмады

Маңғыстау облысында екі айлық сәбидің коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Алайда, қызығы, қауіпті індет нәрестенің егізінен анықталмаған. Ол сап-сау болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап

Көрнекі фото:Fotolia/rufous
Көрнекі фото:Fotolia/rufous: UGC

Анықталғандай, егіздер Ресейден Ақтау қаласына күні кеше ұшып келген жолаушылар қатарында болған. Елге оралған 93 қазақстандықтың екеуінен коронавирус инфекциясы табылған. Олардың бірі - егізі бар екі айлық сәби болса, екіншісі - 20 жастағы студент екені белгілі болды.

Қазіргі таңда, індет жұқтырған егіздің сыңары анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, соңғы түннің ішінде Маңғыстау облысында COVID-19 вирусын жұқтырудың он дерегі тіркелді. Олардың сегізі – Теңіз кен орнында жұмыс істеген жұмысшылар. Ауруханаға жатқызылған азаматтар Бейнеу ауданының тұрғындары болып шықты.

Ал Ресейден оралған жолаушылардың барлығы арнайы стационарға жатқызылды. Бүгінде Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 85 науқас бар. Өңірде қауіпті инфекциядан бір адам көз жұмса, тоғыз азамат індеттен толығымен жазылып шықты. Дәрігерлер арқасында ауруды еңсергендер үйлеріне оралған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854590-aktauda-eki-ajlyk-sbi-sovid-19-zktyrsa-ony-egizinen-virus-tabylmagan/