Ғалымдар коронавирустың тағы екі толқыны болатыны жөнінде ескертті
Опубликовано:
Роберт Кох атындағы институттың мамандары жер бетінде тек бір ғана емес, жаңа типті коронавирус инфекциясының екі толқыны болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Институт басшысы Лотар Вилердің айтуынша, олар коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталатынына сөзсіз сенімді.
Агенттік хабарлағандай, сарапшының пікірінше, олар COVID-19 эпидемиясының толқындары дүниежүзі тұрғындарының көп бөлігі жаңа аурумен ауырмайынша, қайта-қайта пайда бола береді деп санайды.
Қазіргі ғалымдардың есептеуі әлемде өмір сүретін адамдардың 60-70 пайызы жаңа аурумен ауырып, жазылуы тиіс екенін көрсетеді.
Сондықтан, Вилердің пікірінше, кейбір ғалымдар коронавирустың екінші толқынынан кейін сөзсіз үшінші толқын пайда болады деген пікірде.
Жалпы, ғалымдар COVID-19 бүкіл әлемдегі өмір сүру ырғағын мәңгілікке өзгертеді деген пікірде: мысалы, Роберт Кох институтының басшысы әлеуметтік қашықтық бүкіл әлемдегі адамдар арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа тұрақты нормаларының біріне айналады деп санайды.
Айта кетейік, елімізде тағы 72 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4277-ге жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854607-galymdar-koronavirusty-tagy-eki-tolkyny-bolatyny-zninde-eskertti/