RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 1300-ге жақындады

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша, отандық дәрігерлер бүгінге дейін барлығы 1299 адамды аурудан айықтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixanay.com
Көрнекі фото: pixanay.com: Instagram
"Cоңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Алматы қаласында - 9 адам, Шымкент қаласында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам қауіпті дерттен жазылып, ауруханадан шықты", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 328

Алматы қаласы – 227

Шымкент қаласы – 65

Ақмола облысы – 89

Ақтөбе облысы – 33

Алматы облысы – 40

Атырау облысы – 78

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Жамбыл облысы – 54

Батыс Қазақстан облысы – 41

Қарағанды облысы – 79

Қостанай облысы – 15

Қызылорда облысы – 140

Маңғыстау облысы – 10

Павлодар облысы – 12

Солтүстік Қазақстан облысы – 28

Түркістан облысы – 52

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 4277-ге жетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854637-elimizde-koronavirustan-zazylgandar-sany-1300-ge-zuyktady/