RU

Лукашенко пандемияға қарамастан өзге елдің басшыларын Жеңіс күніне арналған шеруге шақырды

Беларусь басшысы Александр Лукашенко БАҚ өкілдерімен кездесу барысында өзге елдің президенттерін Минскіде өтуі жоспарланған Жеңіс күніне арналған шеруге қатысуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Александр Лукашенко. Фото: belnovosti.by
Александр Лукашенко. Фото: belnovosti.by: Facebook

Беларусь мемлекеті коронавирусқа байланысты Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған шеруге тыйым салған жоқ.

Лукашенко өз әріптестерін аталған салтанатты шараға қатысуға шақырды. Оның айтуынша, кездесуді ҰОС кезінде едәуір зардап шеккен республикалардың бірі ретінде Беларусьте өткізген дұрыс деп жазды "БЕЛТА".

Саясаткер Ұлы жеңіске арналған шеруге ең бомағанда, бұрынғы КСРО-ға мүше мемлекет басшылары келгені дұрыс деп есептейді.

Сонымен қатар, Беларусь басшысы іс-шараға ресейлік телеарналарды да шақырды. Сол арқылы салтанатты шерудің көрсетілімін Ресей азаматтарының да назарына ұсынуға ниетті.

Сондай-ақ Лукашенко пандемияға қатысты пікір білдіре отырып, қазіргі уақытта ол әлемдік саясатта қозғаушы күш ретінде қолданылып жатқанын алға тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко мектептерде оқушыларға бетперде кигізуге қарсы шыққан болатын. Ол балалардан маска тағып жүруді талап ететіндер бұл ісі үшін жауап беретінін айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854684-lukasenko-pandemiaga-karamastan-zge-eldi-bassylaryn-zeis-knine-arnalgan-seruge-sakyrdy/