RU

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күтіле ме

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы артуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күтіле ме
Фото: NUR.KZ: Original

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтың айтуынша, COVID- 19 жаңа вирус инфекциясы болғандықтан, екінші толқынды болжау мүмкін емес.

Министрлік өкілінің сөзінше, кейбір мемлекетте КВИ жұқтырудың екінші толқыны басталып жатыр. Бұл вирустың біздің елде қайталанбауы үшін азаматтар карантин ережесін сақтауы тиіс.

Спикер елде КВИ ауруының өршуі азая түскенін атап өтті. Мәселен, сәуірде ауру өсімі 15-16 пайызды құрсаса, соңғы екі аптада бұл көрсеткіш 7 пайыздан аспаған, ал соңғы үш күнде, тіпті, 4 пайыздан төмен болып отыр.

Комитет басшысы қазір бұл мәселе Мемлекеттік комиссия мен бас санитар дәрігердің бақылауында екенін де атап өтті.

"Карантинді ұзартуға алғышарттар жоқ емес, бірақ режимді алып тастауға нақты белгілер бар. Оған қол жеткізу үшін халық карантин шаралары (вирустан сақтану- ред) мен денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулықтарын сақтауы тиіс", - дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирустан тағы бір адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854688-kazakstanda-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-ktile-me/