Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығын бұрынғы АЕК-пен төлеуге болатынын хабарлады

Опубликовано:

Сәуір айында айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 2778 теңгеге көбейгеннен кейін көлік жүргізушілері арасында салық мөлшері туралы сұрақтар туындаған еді. Осыған орай мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы көлік салығының бұрынғы АЕК-пен төленетінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2020 жылы көлік құралына салынатын салықты есептеуге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы 3-тармағына сәйкес, көлік құралының салығын есептеуге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген АЕК қолданылады", – деп түсіндірді ведомствода.

Салық көлемі айлық есептік көрсеткіштерде (АЕК) белгіленген мөлшерде әр көлік құралы үшін дербес есептеледі.

Жеңіл көліктер үшін 1-ден 117 АЕК-ке дейін – 2 651-ден 310 167 теңгеге дейін, ал жүк көліктері үшін 3-тен 9 АЕК-ке дейін немесе 7 953-тен 23 859 теңгеге дейін салық салынады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күресу жөніндегі іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлері салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылатынын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854689-memlekettik-kirister-komiteti-klik-salygyn-bryngy-aek-pen-tleuge-bolatynyn-habarlady/

pixel