RU

Елімізде коронавируспен ауырғандарды қандай дәрімен емдеп жатыр

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларды сараптау ұлттық орталығының бас директоры, басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев елімізде коронавирусты емдеу үшін қандай дәрі қолданылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Нұртаевтың сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Covid-19-ды емдеу протоколына сәйкес, вирусқа қарсы энтеровирусты препараттардан бастап антибиотиктерге дейін бірқатар препарат қолданылады.

"Олар өз нәтижелілігін көрсетті. Аталған дәрі-дәрмектердің бәрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымымен алынды. Апта сайын жаңа дәрі-дәрмек қосылып, кейбірі қолданыстан алынып жатады", - дейді ДЗСҰО бас директоры, басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде коронавирусты емдеу үшін "Гидроксихлорохин" дәрісі қолданылады.

"Бұл препарат ауырып жатқандардың белгілі бір тобына жақсы әсер етуде. Бәрі де оны дұрыс тағайындап, дұрыс мөлшерде қолдануға байланысты", - дейді ол.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4344-ке жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854718-elimizde-koronaviruspen-auyrgandardy-kandaj-drimen-emdep-zatyr/