COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 46 адам белгілі болды
Опубликовано:
Елімізде тағы 46 адамнан коронавирус табылды. Қазіргі уақытта жалпы Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4344-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 6 мамыр 18:00-дегі эпидемиологиялық жағдай:
COVID-19 анықталған 46 адамның 13-і Алматы қаласынан, 14-і Нұр-Сұлтан қаласынан, жетеуі Түркістан облысынан, бесеуі Маңғыстау облысынан, алтауы Қарағанды облысынан және бір адам Жамбыл облысынан.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы – 768
Алматы қаласы – 1392
Шымкент қаласы – 222
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 168
Алматы облысы – 176
Атырау облысы – 226
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 163
Батыс Қазақстан облысы – 208
Қарағанды облысы – 175
Қостанай облысы – 54
Қызылорда облысы – 222
Маңғыстау облысы – 95
Павлодар облысы – 152
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 162, барлығы 4344 адам. Олардың 1387-і вирусты жеңіп шыққан.
Айта кетейік, бүгін елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді. Марқұмның 1952 жылғы екені де хабарланды.
Осылайша, Қазақстанда COVID-19 көз жұмғандар саны 30 адамға жетіп отыр.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854720-covid-19-infekciasyn-zktyrgan-tagy-46-adam-belgili-boldy/