RU

Ресейде 10 жасар бала 4 жасар қарындасын ертіп, әкесінің көлігін айдап кеткен (видео)

Ресейдің Томск қаласында 10 жасар жеткіншек пен қарындасы ата-аналары дүкенге кеткен сәтті пайдаланып, әкелерінің көлігіне отырып, қалаға серуендеуге шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: kharkiv.ua
Көрнекі фото: kharkiv.ua: Depositphotos

Агенттіктің мәліметінше, бұған дейін желіде көлік тіркеуішіне түсірілген видео пайда болған. Бейнежазабда көлікті кішкентай ұл баланың басқарып отырғаны, жол ережесін бұзғаны бейнелеген.

Ал қасында жылап отырған қарындасына балақай полицейлердің өздерін қуып жете алмайтынын айтып, оны сабырға шақырған.

Кейін полицейлер Toyota Highlander көлігінің тізгінінде 10 жасар бала мен салонда оның төрт жасар қарындасы отырғанын анықтаған. Бұл жағдайдан кейін оларға бір реттік медициналық көмек көрсетілген.

Ал тәртіп сақшылары мән-жайды анықтай келе, үйде жалғыз қалған балалар ата-аналарының дүкенге кеткен сәтін пайдаланып, көліктің кілтін алып, қыдырмақшы болғанын білген.

Бұл оқиғадан кейін балалардың ата-анасы өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін карантин кезінде үйде оқшауланған балалардың қызықты іс-әрекеттері жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854726-resejde-10-zastagy-bala-4-zasar-karyndasyn-ertip-kesini-kligin-minip-ketken-video/