RU

FlyArystan енді Таразға ұшпайды

FlyArystan әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Таразға әуе байланысы тоқтатылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото : FlyArystan
Фото : FlyArystan: Facebook

Бұндай шешім COVID-19 инфекциясына, сондай-ақ компанияның әуе сапарларды жаңарту бойынша жоспарларына байланысты қабылданып отыр.

Алматы-Тараз-Алматы бағытындағы әуе сапарлары 2019 жылғы мамырдан бері жүргізіліп келеді. Ал Нұр-Сұлтаннан Таразға қарай ұшақтар 2019 жылдың қазан айынан бері ұша бастады.

Әуе тасымалдаушының пікірінше, Тараз жолаушылардың жиі ұшатын бағыттарының бірі. Мәселен, 2019 жылғы мамырдан бері FlyArystan компаниясы Жамбыл облысының орталығына 143 мыңнан астам жолаушы тасымалдаған.

Борттардың орташа жүктемесі 91 пайыздан асқан. Айта кетерлігі, тасымалданған жолаушылардың 75 пайыздан астамы билеттерді 10 мың теңгеден төмен бағаға сатып алған.

"Экономикалық шарттар, соның ішінде аталған бағыттар бойынша қызмет көрсету шығыны төмендеген жағдайда әуе компания болашақта Тараз бағытындағы әуе сапарларын жандандыру мүмкіндігін жоққа шығармайды", – делінген компания хабарламасында.

Flyarystan.com сайты немесе лоукостердің байланыс орталықтары арқылы Таразға немесе Тараздан басқа бағытта билет алған жолаушылардың ақшалары автоматты түрде толық қайтарылады.

Ал бұндай билеттерді басқа агенттіктер арқылы алған жолаушыларға сол агенттіктерге жүгінуге кеңес берілді.

Еске сала кетейік, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854730-flyarystan-endi-tarazga-spajdy/