RU

Жітіқара қаласында 4 адамнан коронавирус табылды

Жітіқара қаласында 4 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Жітіқара қаласында 4 адамнан коронавирус табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Жітіқара қаласында коронавирусты жұқтырған 4 адам тіркелді. Олар 1981, 1987 және 1991 жылғы ер кісілер мен 1996 жылғы қыз. Аталған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта дерт жұқтырғандардың бәрі Жітіқара аудандық орталық ауруханасында жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, тиісті ем шараларын алып жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Осы азаматтармен байланысқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады.

Айта кетейік, 7 мамыр сағат таңғы 09:25-тегі ақпарат бойынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.

Коронавирус инфекциясы анықталған адамдар Ресей Федерациясында жұмыс істейтін азаматтар, бірі 1977 жылғы Шымкент қаласының, бірі 1976 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Ақсай" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, олар карантиндік стационарға жатқызылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854771-zitikara-kalasynda-4-adamnan-koronavirus-tabyldy/