Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирустың екінші толқыны бола ма: Көпжасаров пікір білдірді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Көпжасаровтың сөзінше, вирустың екінші толқыны күздің екінші жартысында болуы мүмкін.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін осы сұраққа еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі жауап берген.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев COVID- 19 жаңа вирус инфекциясы болғандықтан, екінші толқынды болжау мүмкін емес екенін айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854903-elimizde-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-bola-ma-kpzasarov-pikir-bildirdi/

pixel