RU

Біртанов Нұр-Сұлтан мен Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың көбею себебін айтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандардың неліктен көбейгенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Министрдің сөзінше, бұл жағдай халық арасында профилактикалық тестілеу санының жоғарылауына байланысты артқан.

"Шын мәнінде бүгінде Алматыда анықтаған оқиғалардың 90 пайызы және соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық оқиғалардың 80 пайызы ауру белгілері білінбеген науқастардың арасынан анықталды", - деп түсіндірді Біртанов.

Ол осы қалаларда профилактикалық тестілеу шаралары белсенді жүргізіліп жатқандықтан, қауіпті дертті жұқтырғандар анықталғанын мәлімдеді.

"Біздің тактиканы айтар болсақ, халық арасында ПТР-тестілеуді белсенді жүргізуге екпін қоюдамыз. Бұл жұмыстар індет жұқтырғандарды барынша көбірек анықтауға негізделген", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде болуы мүмкін екенін айтты.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854911-birtanov-nr-sltan-men-almatyda-covid-19-zktyrgandardy-kbeu-sebebin-ajtty/