Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Індеттің таралуына тосқауыл қоя алдық": Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантин уақытында енгізілмесе, елімізде қандай жағдай болуы мүмкін екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Министр 12 наурыз күні қауіпті дертті жұқтырудың алғышқы оқиғалары анықталған кезде, шұғыл карантин шараларын қабылдағанын білдірді.

"Егер де 16 наурызда карантин жарияламасақ, онда 8 тәуліктен кейін 4,5 мың науқас тіркелетін еді. Бұл көрсеткішке тек екі айдан кейін ғана жетті. Мемлекет басшысы жариялаған карантин мен төтенше жағдай өте маңызды рөл атқарды, біз індеттің таралуына тосқауыл қоя алдық және медициналық ұйымдарға жүктемені азайттық", - деді Біртанов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде болуы мүмкін екенін айтты.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854915-indetti-taraluyna-toskauyl-koa-aldyk-densaulyk-saktau-ministri-mlimdeme-zasady/

pixel