RU

Тағы 41 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 4800-ге жуықтады

Елімізде тағы 41 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4794-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"8 мамыр 18:15-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Жамбыл облысында - 4 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 10 адамнан, Алматы облысында - 4 адамнан, Қызылорда облысында - 1 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адамнан, Алматы қаласында - 15 адамнан, Атырау облысында - 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Осы сағатта

Нұр-Сұлтан қаласы – 960

Алматы қаласы – 1517

Шымкент қаласы – 226

Ақмола облысы – 106

Ақтөбе облысы – 172

Алматы облысы – 181

Атырау облысы – 269

Шығыс Қазақстан облысы – 33

Жамбыл облысы – 176

Батыс Қазақстан облысы – 217

Қарағанды облысы – 186

Қостанай облысы – 61

Қызылорда облысы – 226

Маңғыстау облысы – 109

Павлодар облысы – 152

Солтүстік Қазақстан облысы – 34

Түркістан облысы – 169, барлығы 4794 адам тіркелді. Оның 1582-сі қауіпті дерттен айығып, аурухадана шықса, 31 науқас инфекция салдарынан көз жұмды. Соңғы өлім жағдайы Павлодар облысында тіркелді.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854918-tagy-41-zagdaj-elimizde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-4800-ge-zuyktady/