RU

Алматыда 11 мамырдан кейін блокпостар жұмысын жалғастыра ма

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 11 мамырдан кейін оңтүстік астанадағы блокпостар жұмысын жалғастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"11 мамырда Алматы қаласында карантин режимі сақталады. Периметр бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы да жалғасады. Бұған дейін қабылданған қалаға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады. Жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі. Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі де өзгеріссіз қалады", - деді Бекшин.

Одан бөлек Алматының бас санитары қала тұрғындары мен кәсіпорындарды карантин талаптарын 11 мамырдан кейін де сақтауға шақырды.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855075-almatyda-11-mamyrdan-kejin-blokpostar-zmysyn-zalgastyra-ma/