Головкин - "Канело" кездесуі онжылдықтағы ең үздік жекпе-жектердің бірі атанды
Опубликовано:
Онжылдықтағы 7 үздік бокс жекпе-жегінің тізімі жасалды. Бұл тізімге отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші кездесу де енген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Mymmanews.com сайты құрастырған рейтингте Головкин "Канело" арасындағы екінші кездесу екінші орынға ие болған.
"2018 жылы "Канело" мен Головкин арасындағы жекпе-жек "Ring" журналында "Жыл шайқасы" ретінде жарияланған болатын. Бұл олардың арасындағы реванш болды. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен еді. Былғары қолғап шеберлері кездесудің басынан аяғына дейін бір-біріне жойқын соққылар жұмсады. Бір таңғаларлығы, он екінші раундқа дейін олардың ешқайсысы нокаутқа түспеді. Альварес Головкинді бірауыздан жеңген болатын", – делінген басылымда.
Басылым нұсқасына сәйес, онжылдықтағы 7 үздік жекпе-жек:
1. Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015) 2. Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018) 3. Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012) 4. Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013) 5. Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010) 6. Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016) 7. Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)
Еске сала кетсек, Cауль Альварес өз сұхбатында Головкинмен үшінші кездесуіне қатысты пікір білдірген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855098-golovkin---kanelo-kezdesui-onzyldyktagy-e-zdik-zekpe-zekterdi-biri-atandy/