RU

Елімізде тағы 36 адамнан коронавирус табылды

Бүгін, 11 мамырда Қазақстанда тағы 36 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, қазіргі уақытта жалпы елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5126-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 мамыр 09:25-тегі эпидемиологиялық жағдай:

COVID-19 жұқтырған 36 адамның 10-ы Алматы қаласынан, сегізі Нұр-Сұлтан қаласынан, тағы сегізі Маңғыстау облысынан, үшеуі Атырау облысынан, үшеуі Батыс Қазақстан облысынан, екеуі Солтүстік Қазақстан облысынан, біреуі Ақмола облысынан және бір адам Қостанай облысынан.

Осы сағатта

Нұр-Сұлтан қаласы – 1074

Алматы қаласы – 1590

Шымкент қаласы – 233

Ақмола облысы – 110

Ақтөбе облысы – 172

Алматы облысы – 183

Атырау облысы – 302

Шығыс Қазақстан облысы – 51

Жамбыл облысы – 179

Батыс Қазақстан облысы – 252

Қарағанды облысы – 191

Қостанай облысы – 62

Қызылорда облысы – 229

Маңғыстау облысы – 128

Павлодар облысы – 154

Солтүстік Қазақстан облысы – 36

Түркістан облысы – 180, барлығы 5126 адам. Олардың 1941-і ауруынан айықса, 31 адам қайтыс болды.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, дүние жүзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4,1 миллионға жетіп, 280 мыңнан аса адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855116-elimizde-tagy-36-adamnan-koronavirus-tabyldy/