Алматыда блок-бекет маңында ұзын-сонар кептеліс пайда болды (видео)
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде "Алтын Орда" базары аумағындағы блок-бекетте түсірілген видео тарады. Кадрлардан ТЖ режимі аяқталған бірінші күні Алматыға кірмек болған Алматы облысының тұрғындарын байқауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды. Жазба авторы "Алтын Орда блок-бекеті, қала бағытына жол жабық, сағат таңғы 7:00" деген жазба қалдырған.
Аталған бейнежазбаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті Tengrinews.kz-кепікір білдірді.
"Алтын орда" базары маңындағы блок-бекетте таңертең адам көп жиналды. Қоғамдық тәртіп бұзушылық орын алған жоқ. Адамдарға периметр бойынша 27 блок бекет бұрынғы режимде жұмыс істейтіні түсіндірілді. Карантиндегі Алматының шекаралары жабық. Қазір блок-бекеттердегі жағдай тұрақты. Азаматтарды ресми ақпараттарға жүгінуге шақырамыз",- деді ведомствоның баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, бұған дейін елде 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, Алматыдағы карантин режимі арнайы қаулы шыққанша жалғаса беретінін, ал қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттер бұрынғы күшейтілген режим бойынша жұмысын жалғастыратынын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855131-karantindegi-almatyga-kirmek-bolgandar-videoga-tsip-kaldy-video/