RU

Тоқаев өңірлердегі карантин шаралары қалай алынатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында өңірлердегі карантин шаралары қалай алынатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook
"Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады. Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты", - деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады.

"Саябақтар ашылады. Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды. Алайда, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн", - деді ол.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855188-tokaev-irlerdegi-karantin-saralary-kalaj-alynatynyn-ajtty/