RU

Қазақстанда тағы 54 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде тағы 54 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 2074 науқас аурудан айықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Соңғы деректерге сәйкес, тағы 54 науқас инфекциядан жазылып шықты. Атап айқтанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 2,

Алматы қаласында - 38,

Алматы облысында - 5,

Қарағанды облысында - 3,

Жамбыл облысында - 1,

Түркістан облысында - 2,

Шығыс Қазақстан облысында - 1,

Маңғыстау облысында - 1,

Қостанай облысында – 1 науқас емделіп шықты.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңа вирустан жазылғандар саны – 2074. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 416,

Алматы қаласында – 456,

Шымкент қаласында – 135,

Ақмола облысында – 91,

Ақтөбе облысында – 54,

Алматы облысында – 87,

Атырау облысында – 121,

Шығыс Қазақстан облысында – 14,

Жамбыл облысында – 92,

Батыс Қазақстан облысында – 101,

Қарағанды облысында – 99,

Қостанай облысында – 30,

Қызылорда облысында – 161,

Маңғыстау облысында – 17,

Павлодар облысында – 82,

Солтүстік Қазақстан облысында – 29,

Түркістан облысында – 89 адам.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 32-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855271-kazakstanda-54-adam-koronavirustan-emdelip-sykty/