Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирустан жазылып шыққандар саны жұқтырғандардан асып түсті

Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте аса қауіпті коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың саны айтарлықтай арта түсті. Кеше COVID-19 вирусын жұқтырған адамдармен салыстырғанда індетті еңсерген азаматтар анағұрлым көп болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg via Getty Images
Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg via Getty Images: Getty Images

Статистикалық есептерге сәйкес, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың саны қауіпті індетті жұқтырған науқастардан асып түсті.

11-мамыр күні республика аумағында COVID-19 вирусын 117 адам жұқтырып алса, 133 науқас одан толығымен айығып шыққан.

Бүгінгі күнгі жалпы статистика мынадай: індетті жеңіп шыққандар - 2074 адам, вирусты жұқтырғандар - 5207 азаматты құрап отыр.

Еске сала кетейік, күні кеше Қазақстанда коронавирустан болған 32-өлім тіркелді. Анықталғандай, қауіпті инфекциядан Шымкент қаласының 65 жастағы тұрғыны көз жұмған.

Үшінші мегаполистің денсаулық сақтау басқармасында қайтыс болған келіншектің бірқатар созылмалы ауруы болғанын хабарлады. Олардың қатарында өкпе ауруы, холецистит және панкреатит бар болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855303-elimizde-bir-tulikte-koronavirustan-zazylyp-sykkandar-sany-zktyrgandardan-asyp-tsti/

pixel