Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Құлсарыда үш жасар бала 4- қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алды. Абырой болғанда, дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысында үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Көрнекі фото: Ашық дереккөз: Twitter

Оқиға 8 мамыр күні бірінші Құлсары шағын ауданында болған. "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, ол байқаусызда 4-қабаттан құлап кетіп, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген.

Аудандық аурухана бүлдіршіннің жабық ми-бас сүйек және басқа да ауыр жарақаттар алғанын хабарлады. Оның жағдайы ауыр болған. Соған қарамастан, ақ халаттылар балақайдың өмірін сақтап қалды.

Дәрігерлер алғашқыда бүлдіршінді санавиация арқылы Атырауға жеткізуді жоспарлаған, бірақ кейіннен кішкентай науқасты тасымалмен мазаламау туралы шешім қабылданыпты.

Жергілікті медицина қызметкерлері емге байланысты облыстағы тәжірибелі әріптестерінен кеңес алған. Нәтижесінде қазір балақай жансақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.

Есін жиған баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Мамандар емді жалғастыруда.

Айта кетейік, полиция Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық департаментінің өкілдерімен бірге төтенше жағдай мен карантин кезінде жұмыс істеп жатқан Атыраудағы букмекерлік кеңсені әшкере қылды. Мекеме жұмысы тоқтатылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1855351-atyrau-oblysynda-s-zasar-bala-trtinsi-kabattan-klap-ketti/

pixel