RU

АҚШ-та үш баладан коронавирусқа тән емес ауру белгілері анықталды

Американың Коннектикут штатында коронавирус инфекциясымен байланысты қабыну белгілері бар үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

АҚШ-та үш баладан коронавирусқа тән емес ауру белгілері анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Балалардан бездердің жедел қабынуы және коронавирусқа тән емес басқа да белгілер байқалды.

Қазіргі уақытта дәрігерлер үш айдан 14 жасқа дейінгі үш науқастың жағдайын мұқият қадағалап отыр.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо үш баланың коронавируспен байланысты болуы мүмкін қабыну белгілерінің салдарынан көз жұмғанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау департаменті тағы 73 жағдайды тексеріп жатыр.

Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио балаларда аталған белгілердің барын ескерткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 млн 250 мыңнан асты. Ал АҚШ-та инфекция жұқтырудың 1,3 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Жалпы, мемлекетте пандемия салдарынан 80 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырған науқастар саны 5240-қа жетті, сондай-ақ, 2074 адам вирусты жеңіп, ауруханадан емделіп шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855357-aks-ta-s-baladan-koronaviruska-tn-emes-auru-belgileri-anyktaldy/