Карантинде шығынға батқан отандық киім өндірушілер жанайқайын жеткізді
Жарияланған күні:
Отандық киім өндірушілер карантиннен кейін "Қазақстанда жасалған" деп белгіленген аяқ киім мен киім бағасының қымбаттайтынын хабарлады. Бірақ мұның өзі кәсіпорындарды банкрот болудан құтқармайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Коронавирус пандемиясына байланысты іс жүзінде барлық бизнес салалары айтарлықтай жапа шекті. Үлкен шығындар туралы тігін кәсіпорындарының иелері хабарлады. Тіпті карантиннің жойылуы да бұл саланың қалыпты жұмыс істейтініне кепілдік бермейді деп хабарлады Астана телеарнасы.
Кәсіпкерлердің айтуынша, жеңіл өнеркәсіптің жұмыс құлдырауына кәсіпорындардың тоқтап тұруы мен теңгенің әлсіреуі себеп болған. Тігін кәсіпорындарының иелері үкіметтің қабылдаған шаралары саланы сақтап қалу үшін жеткіліксіз екенін алға тартты.
Осылайша, қазақстандық бизнес 1 маусымға дейін салық төлеу мерзімін кейінге қалдырды, алайда ол әлі жұмысына оралмады, сәйкесінше төлем жоқ, ал қарыздар жиналуда.
Кәсіпкерлердің пікірінше, отандық өндірушілерді құтқару үшін билік 2023 жылға қарай салықты алып тастап, сауда алаңдарының жалдау бағасының 50% -ын субсидиялау керек.
Көрші мемлекеттер - Ресей, Қырғызстан және Беларусь бұған дейін де осындай шараларды қабылдаған.
Ұлттық валютаның әлсіреуі отандық тауарлардың бағасына да әсер етеді, өйткені шикізаттың барлығы дерлік импортталады дейді кәсіпкерлер.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ТЖ кезінде жеміс-жидектер мен көкөністер едәуір қымбаттағаны туралы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855360-karantinde-sygynga-batkan-otandyk-kiim-ndirusiler-zanajkajyn-zetkizdi/