RU

Қарағандылық келіншек танысын тұншықтырып өлтірді

Қарағанды ​​тұрғыны танысын тұншықтырып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан. Соған қарамастан келіншек табылып, қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандылық келіншек танысын тұншықтырып өлтірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полицияның мәліметінше, 7 мамыр күні қалалық пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның денесі анықталып, сараптамаға жіберілді.

Кейінірек марқұмның кісі қолынан өлгені белгілі болды.

Дереу "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктілер тобын құруға кірісті. Нәтижесінде қызметкерлер 38 жастағы әйел адамды ұстады. Ол Қарағанды ​​қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әлі айтылған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда.

Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінен егде жастағы әйелі мен күйеуінің жансыз денесі табылғаны туралы жазған едік. Он баланың ата-анасы өз пәтерінде кісі қолынан қаза тапқан.

1937 жылы туған ер адам тұншықтырылып өлтірілген. Ал 1943 жылы туған әйелі пышақталған. Марқұмдардың денесін қыздары анықтапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855371-karagandylyk-kelinsek-tanysyn-tnsyktyryp-ltirdi/