Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылы мектепте бастала ма: Аймағамбетов пікір білдірді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталатынына үміт білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы министр онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

"Жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады деп сенеміз. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен қоса жұмыстар жүргізетін болады. Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмыстарды жүргізуіміз қажет", - деді ол.

Аймағамбетовтың айтуынша, мектепті балалар сағынған, ата-аналар да соны қалайды.

"Ұстаздар да мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз сондай жақсылыққа сеніп, дайын болуымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен осындай жағдай қайталанбайтын сияқты болмау керек. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек", - деді білім және ғылым министрі.

Еске сала кетсек, кеше премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы жылы соңғы қоңырау шарасы маусым айының басында болатынын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855372-zaa-oku-zyly-mektepte-bastala-ma-ajmagambetov-pikir-bildirdi/

pixel